“Жекпе – жек” шығармасы

Қайырлы күн, желі оқырмандары!

Балалардың сүйікті жазушысы  Бердібек  Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын кейіпкерлерді бейнелеудің өзгеше жолын тапқан талантты жазушылардың бірі.Өзінің шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол, кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды.

Биылғы “Бір ел,бір кітап”- акциясында Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына 30 – кітап ұсынылса, соның бірі Б.Соқпақбаевтың “Жекпе-жек” шығармасы. Осы туындыны жас оқырмандарға насихаттау мақсатында село кітапханасымен бірлесіп, колледж студенттерімен ақпарат сағаты өткізілді. Ақпарат сағатында шығарма туралы түсінік беріліп, мазмұны насихатталып, жалпы жазушының өмірі мен шығармашылығынан студенттер сұраққа жауап берді.


Жарияланды: 12.11.202110:04

Автор: