Колледж тарихы

Қазақ ССР Министрлер Советінің 22.04.1958 жылғы  №632 –Р нұсқауына сәйкес және облыстық  еңбекші  депутаттар советінің  шешімімен «Сарайшық  ауыл шаруашылығын  механикаландыру  училищесі ұйымдастырылды».

Алғашқыда бір, екі жылдық  оқу мерзімімен тракторшылар, жүргізушілер және  жөндеуші слесарьлар даярланды. 1971 жылдан бастап арнаулы мамандықтармен қоса, орта білім беретін оқу орнына айналдырылды.

Алғашқы құрылған  жылдардан бері «Кең көлемді  трактор – машина жүргізушісі», «Мал шаруашылығының механизаторы», «Ауыл шаруашылығындағы  техникаларды  жөндеуші слесарь», «Мал шаруашылығындағы электромонтер», 6 айлық оқу мерзімімен «Трактор жүргізушісі», 12 айлық «Жеміс өсіруші», 5 айлық «Комбайн жүргізушісі», 3жылдық оқумен  «Бухгалтерлік есеп» Бухгалтерлік есеп және шаруашылық әрекетіне талдау»,«Шаруа және  фермер қожалықтарын ұйымдастырушы», «Компьютерде жұмыс  жасай алатын, ағылшын тілін меңгерген бухгалтер», «Фермер-арендатор», «Автомеханик», «Жинақ  банкісінің  бақылаушысы, кассир»,  мамандықтары бойынша  13000 мыңға жуық  мамандар даярланды. 57- жылдан астам тарихы бар оқу, орны осы уақыт аралығында 2000-ға жуық мамандықтар дайындады. Оқу орны 57 жылдық тарихында қызықты да қиын кезеңдерін басынан кешті. Кеңес Одағы кезінде облыстағы ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мамандандырылған 4- арнаулы оқу орны болса, соның біреуі еді. Осы уақыт ішінде аталмыш білім ордасынан мыңға жуық түлектер қанат қақты. Олардың ішінде бүкіл елімізге белгілі тұлғалар көптен саналады. Училище 1982 жылы Бүкілодақтық Социалистік жарыстың  жеңімпазы  деп танылып, КПСС Ок-і  мен СССР  Министрлер Советінің  ауыспалы  Қызыл  Туымен марапатталды.

1985 жылы  №10 орта кәсіптік – техникалық училище болып өзгертілді.

1993 жылы  осы  оқу орнының  базасында «Кәсіби дайындық курсы пәндерін жүргізу методикасы» тақырыбы бойынша  аймақтық – республикалық семинар өтті.1999 жылы №7 кәсіптік – техникалық  мектеп болып жасақталып,  нәтижелі  қызмет атқарды.

2007 – 2012 жылдар аралығында  №10 кәсіптік лицей болып  нәтижелі жұмыстар атқарылды. 2012 жылдан бастап мекеме  Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі  болып  жұмыс  атқарды.

2013 жылы мекеме атауы: Атырау облысы Білім беру басқармасының «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып кері өзгертілді.

 

Всего комментариев: 0