Басшының блогы

Өмірбаян

Сұлтанғалиев  Жанболат  Қашымұлы 14  маусым  1962  жылы  Гурьев облысы,  Махамбет  ауданы, Есбол  селолық  Советінде  дүниеге  келген. 1979 жылы  Фурманов  орта  мектебін  бітірген.  Жоғары  білімді. 1980 жылы «Еңбек  Қызыл  Ту» орденді  А.С.Пушкин  атындағы  Орал  педагогикалық  институтының  тарих  пәні  мұғалімі  мамандығы  бойынша   оқып  бітірген. 1984-1986 жылы  әскер  қатарында  болған. 1986 – 2002 жыл аралығында  Махамбет  ауданы  Есбол  селолық  Советі  атқару  комитетінің  хатшысы, Есбол  ауылдық  Кеңесі  төрағасының  орынбасары, Есбол  селолық  округі  әкімі  аппараты  бас  маманы  лауазымы  қызметтерін  атқарған. 2002-2003 жылдары  Махамбет  ауданы  әкімі  аппараты  бөлім  басшысы, 2003-2006  жылдары Есбол  селолық  округі  әкімі  лауазымында  еңбек  еткен. 2006-2011  жылдары  Балықшы  кенттік  округі  әкімі, 2011-2012 жылдары  Атырау  селолық  округі  әкімі  қызметін  атқарған. 2012-2014 жылдары  Атырау  қалалық  білім  бөлімі  басшысының  орынбасары  лауазымында  болған. 2014-2020  жылдары  Атырау  қаласы  әкімдігіне  қарасты  «Спецавтобаза» ЖШС  директоры  қызметін  атқарған.  2020  жылдан  бастап,  Атырау  облысы,  Махамбет  ауданы, Сарайшық  ауылында  орналасқан  «Махамбет  көп  бейінді  ауыл  шаруашылық»  колледжі  директоры  қызметін  атқарады. Отбасылы.

Сұрақ қою

  Подписаться  
Уведомление о