Қымбатты  жастар!

Өмір  талабына  сай, өз  мүмкіндігің мен  қабілетіңді  іске  асыра  алатын  маман  болғың  келсе, Махамбет  көп  бейінді  ауыл  шаруашылық  колледжіне  оқуға  келіңіздер!

2023-2024 оқу  жылына  мына  мамандықтар  бойынша  оқуға  қабылданады.

Орта  мектептің  9 сыныбын  бітірген  оқушыларды  2 жыл 10 айлық  оқу  мерзімімен  төмендегі  мамандықтар  бойынша  оқуға  қабылдайды:

1.«Ауыл шаруашылығын механизациялау».Оқу  мерзімі – 2 жыл  10 ай

  1. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу». Оқу мерзімі – 2 жыл  10 ай.

Колледж  9- 10 сынып  бітірген мектеп түлектерін  1 жыл – 10 ай оқу мерзіммен   төмендегі мамандық  бойынша оқуға қабылдайды:

  1. «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану».

Оқу  мерзімі – 1 жыл 10 ай.

Колледж  11-сынып  бітірген  мектеп  түлектерін 10 ай оқу мерзіммен төмендегі мамандық бойынша оқуға қабылдайды:

  1. «Тамақтандыруды ұйымдастыру». Оқу мерзімі – 10 ай.

Жоғарыда  аттары  аталған  мамандықтар  бойынша  білім алушылар оқу  үлгеріміне қарай оқу мерзімі біткенше  21, 787 теңге көлемінде шәкіртақы алып  жылына 2 рет (қысқы және жазғы демалысына) жолақы төленеді.

Колледж  бойынша  барлық  студенттерге  тегін  тамақ  пен  жатақхана беріледі,  колледжде  оқыған  мерзімі  еңбек  өтіліне  қосылады.  Барлық студенттер қалауына  қарай   жеңілдікпен  ақылы  негізде  төмендегі  мамандықтарды  қосып  алады:

  1. «АВ» категориялы трактор  жүргізушісі
  2. «ВС» категориялы  автомобиль  жүргізушісі
  3. Электргазымен дәнекерлеуші

Оқуға  тілек  білдірушілер  мамандықтары  бойынша  емтихан тапсырады.

Колледж сайты:  http://saraichik10.kz

Элек.почта: kl10saraichik@mail.ru

Байланыс  телефондары:  25-5-24,  25-5-40,  25-5-59

 

Всего комментариев: 0