Колледж туралы

Қазақ ССР Министрлер 22 сәуір 1958 жылғы № 632-Р нұсқауына сәйкес  және  облыстық  еңбекші  депутаттар  советінің  19  маусым 1958 жылғы № 227  шешімімен  «Сарайшық  ауыл  шаруашылығын  механикаландыру  училищесі»  құрылды.  Алғашқыда  бір, екі  жылдық  оқу  мерзімімен  тракторшылар,  жүргізушілер  және  жөндеуші  слесарьлар  даярланды.  1971  жылдан  бастап  арнаулы  мамандықтармен  қоса,  орта  білім  беретін  оқу  орнына  айналдырылды.  Алғашқы  жылдары  «Кең  көлемді  трактор-машина  жүргізушісі», «Мал  шаруашылығының  механизаторы», «Ауыл  шаруашылығындағы  техникаларды  жөндеуші слесарь», «Мал  шаруашылығындағы  электромонтер»,  6 айлық  оқу  мерзімімен  «Трактор  жүргізушісі», 12 айлық «Жеміс  өсірушісі»,  5айлық  «Комбайн  жүргізушісі», 3 жылдық  оқумен  «Бухгалтерлік  есеп»,  «Бухгалтерлік  есеп  және  шаруашылық  әрекетін  талдау», «Шаруа  және  фермер  қожалықтарын  ұйымдастырушы», «Компьютерде  жұмыс  жасай  алатын,  ағылшын  тілін  меңгерген  бухгалтер», «Фермер – арендатор»,  «Автомеханик», «Жинақ  банкісінің  бақылаушысы, кассир»  мамандықтары  бойынша  15000  мыңға  жуық  мамандар  даярланды. 1998  жылдан  бастап  училищенің  шеберханаларының  бірін  машиналарға  күтім  жасау  пункті  етіп  қайта  жасақтап,  онда  өндірістік  оқу  сабақтарын  бағдарламаға  сай  өткізу  мүмкіндігі  туды.  Ол  шеберхана  1992  жылы  өткізілген  республикалық  конкурста  бас  жүлдеге  ие  болды.  Сол  жетістік  негізінде,  1993  жылы  мамыр  айының  21-22  күндері  училище  базасында  «Арнаулы  пәндер  оқыту  методикасы»  тақырыбында  республикалық  семинар-кеңес  ұйымдастырылды. Училище  1982  жылы  Бүкілодақтық  Социалистік жарыстың жеңімпазы деп танылып, КПСС ОК-і мен СССР Министрлер Советінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.

1985 жылы № 10 орта кәсіптік-техникалық училище  болып өзгертілді.

1999 жылы № 7 кәсіптік-техникалық мектеп болып атауы өзгертілді.

2007-2012 жылдар  аралығында № 10 кәсіптік лицей болып, 2012 жылы  Махамбет  көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі аталды. 2013 жылы Атырау облысының әкімдігінің «Кейбір  мемлекеттік  білім беру  мекемелерін  қайта  ұйымдастыру  туралы 23 қаңтар,7 маусым айларындағы №21 қаулысы» негізінде «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны  болып  өзгертілді. Колледж білім алушыларына практикалық дағды алуына, өндірістік оқу сабақтарын жүргізуге әртүрлі техникалары жеткілікті. Колледждің оқу материалдық базасы 2-қабатты  ғимарат пен қосалқы нысандарда орналасқан. Студенттер бос уақыттарында әртүрлі пәндік үйірмелер мен спорт секцияларына қатынасып, облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болып жүр. Кеңес  Одағы  кезінде облыстағы ауыл шаруашылық  мамандарын дайындайтын мамандандырылған 4- арнаулы оқу орны болса, соның біреуі еді. Оның  ішінде бүкіл елімізге белгілі тұлғалар көптеп саналады. Атап айтсақ, бүгінде облыстық, Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға, Жылой аудандарында әртүрлі салада абыроймен еңбек етуде.

Всего комментариев: 0