Басшының блогы

Нығметқызы Гүлнәра «Махамбет  көп  бейінді  ауыл  шаруашылық  колледжі» КМҚ-ның  міндетін атқарушы.

Нығметқызы Гүлнәра 23 шілде 1976 жылы туған. Білімі және санаты жоғары. 1993-1995 жылдар Атырау ауылшаруашылық техникумын бухгалтер-экономист, 1998-2004 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша оқып бітірген. 2015-2017 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «5ВО11100-Информатика» мамандығы бойынша БАКАЛАВРЫ дәрежесі берілді. Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы №10 кәсіптік-техникалық училищесіне (қазіргі Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі) өндірістік оқыту шебері болып бастады. 1999 жылдан бастап өндірістік оқыту шеберлігімен қоса арнаулы пәндерден сабақ берді. Атап айтқанда, бухгалтерлік есеп теориясы, статистика және қаржылық есеп пәндерінен дәріс берді. Бітірген шәкірттерінің бірқатары мамандықтары бойынша білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастырып қазіргі таңда сол мамандығы бойынша есепші болып қызмет атқарып жүр. Мысалы: Мұқанов Гүлдана, Байтурин Саламат, Макарова Зита, Қайреденова Альфия. Сол кездегі жұмысының  нәтижесінде  шәкірттерінің өз бетімен жұмысын айтарлықтай нәтижелерге жеткізді.

2006 жылдан бері аталған оқу орнында директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Колледж, ауыл өміріндегі болып жатқан қоғамдық жұмыстарға үнемі араласып ауыл мәдениетін көтеруде өз үлесін қосып келеді. Аудан, облыс көлеміндегі спорттық шараларға белсене араласып жүлделі орындарға ие болып жүр. Методикалық, педагогикалық кеңестерде өз  ой-пікірін  ашық  айтып, озық іс-тәжірбиелерді насихаттаушы. Теориялық оқыту сабағын жүргізуде «Модульдік жүйені» енгізуде жұмыстанып келеді. Оқушылардың өз беттерімен жұмысын айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Нығметқызы Гүлнәра еңбекқор, ізденімпаз, тапсырған жұмыстарды тиянақты, мезгілінде орындайтын, бала тәрбиесіне өте жауапкершілікпен қарайтын, өзінің біліп, үйренген білімдерін шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын үлгілі ұстаз.

5.03.2017 жылы Атырау облысы әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен» марапатталса, сондай-ақ 7.03.2017 жылы Махамбет аудандық маслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Сұрақ қою

  Подписаться  
Уведомление о