Жұмысшы мамандықтар жылы-қоғам назарында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі ұжымы Жолдауды толығымен қолдайды. Осыған орай, кәсіптік білім беру жүйесін нығайту мен еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандар даярлауға, кәсіптік-техникалык білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталып, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау, елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болады. Қолдау мен қамқорлықтың арқасында жұмысшы мамандардың беделі артып, Қазақстанның экономикалық әлеуеті одан әрі дами түседі. Бұл жыл жұмысшылардың мәртебесін арттырып, олардың еңбегіне қоғамның назарын аударатын кезең болады.