«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі
2025 жылы 11-15 ақпан аралығында Астана қаласында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне колледж делегациясы белсенді қатынасты.
Делегация құрамында Колледж басшысы, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, арнаулы пән оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері және колледждің белсенді студенттері болды. Осындай ауқымды шаралар Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімнің жаңа деңгейіне көтерілуге үлес қосатын, еліміздегі жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал ететін маңызды бастама.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#ЖұмысшыМамандықтар2025
#ТжКББ #КәсіптікБілім