Жұмыс беруші күні

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Жұмыс беруші күніне» орай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау және сапасын арттыру, одан әрі тиімді өзара байланысты дамыту мақсатында білім басқармасы бекіткен жоспарына сәйкес іс-шара өткізілді. Іс-шараға жұмыс беруші шаруа қожалықтарының басшылары шақырылды. Шақырылған қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасын аралап танысты. Аталған шара қатысушылардың колледж студенттерімен бірге ұйымдастырылған кездесуде жалғасын тапты. Қатысушы қонақтар:  Махамбет аудандық кәсіпкерлер палатасының филиал директоры – Рахметов Болат Махонұлы, «Донник» ЖШС – төрағасы Мухамбетов Болат, «Жұмаханов С.Р.» Ж/Қ – төрағасы Жұмаханов Сағат Рабайұлы, «Атырау Агро өнімдері» ЖШС өкілдері өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Бағдарлама жоспарына сәйкес колледж психологі А. Мухамеджанова жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөнінде келіссөздері туралы іскерлік ойын ұйымдастырды.

Кездесу барысында үздік жұмыс берушілер Қабешев Қайрат Аманқосұлы, Жұмаханов Сағат Рабайұлы Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрі А. Аймағанбетовтың және Атырау облысының «Атамекен» палатасының Алғыс хатымен марапатталды.

Кадрларды даярлау кезінде жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Донник» ЖШС – төрағасы Мухамбетов Болат және «Жұмаханов С.Р.» Ж/Қ – төрағасы Жұмаханов Сағат Рабайұлымен меморандумға қол қойылды.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс беруші шаруа қожалықтары мен колледж арасында болашақта бірлесіп жасалатын жұмыстар және кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсаты көзделді.


Жарияланды: 22.11.202218:11

Автор: