«WorldSkills» колледжішілік чемпионаты      

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «WorldSkills-2023» кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік кезеңі басталды.

«WorldSkills» колледжішілік чемпионатын өткізудің мақсаты білім алушылардың шеберлік дағдыларын дамыту, біліктіліктерін, білімдерін саралай отырып ең мықты деген болашақ мамандарға  «WorldSkills -2023» чемпионатының өңірліккезеңінде  шеберліктерін көрсетуге жолдама беру.

 Облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жолдаған кестесіне сай  2022-2023 оқу жылында ТжКОБ ұйымдарының білім алушылары арасында жұмысшы кәсіптерін дәріптеу, олардың мәртебесін арттыру мақсатында   7 желтоқсан күні   колледжімізде  «WorldSkills» чемпионатын өткізу жоспарланған. Жоспарға сай 7 желтоқсанда чемпионаттың ашылу рәсімі жасалып, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» және «Abilympics» – «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттіліктері бойынша  сайыскерлер додаға түсуде. Барлық қатысушыларға  сәттілік тілейміз.


Жарияланды: 10.12.202208:05

Автор: