«WORLDSKILLS ATYRAU-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің қоржынында  2 медаль, 1 медальон

Бүгін, 4 күнге созылған «WORLDSKILLS ATYRAU-2023»  өңірлік кәсіби шеберлік  чемпионаты өз мәресіне жетіп, марапаттау рәсімі өтті.

Нәтижесінде колледжімізден қатысқан 4 құзыреттіліктің үшеуі жеңіске жетіп марапатталды.

2 орын күміс медаль – «Шанақ жөндеу» – қатысушы Рамазан  Сайлау  Мысырұлы, жетекшісі Боранбаев  Рафаэль  Жолдасұлы.

3 орын қола медаль – «Кескіндеме  және сәндік жұмыстары» –  қатысушы Тлеген  Жандос Нұржанұлы, жетекшісі Зұлпыхар  Лауия.

“Үздік маман иесі” медальон – «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» – қатысушы Идеят  Ағаділ  Нұрдәулетұлы, жетекшісі Сагинбаев  Сатыбалды  Сагинбаевич.

“Аспаз ісі” құзыреттілігі  бойынша Сұлтанғалиева Алия Серикқалиқызы және жетекшісі Зейнеп Утеулиевнаға чемпионатқа белсене қатысқаны үшін колледж атынан Алғысымызды білдіреміз!

Колледжіміздің намысын қорғаған студенттеріміз бен олардың жетекшілеріне ризашылығымызды білдіре отырып, жүлделі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Жарияланды: 25.04.202308:49

Автор: