WORLDSKILLS ATYRAU-2021

2021 жылдың мамыр айының 24-28 аралығында Атырау қаласында “WORLDSKILLS ATYRAU-2021″өңірлік чемпионаты Атырау облысы Білім беру басқармасы және Атырау облыстық Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. “WORLDSKILLS ATYRAU-2021″өңірлік чемпионатының мақсаты – кәсіби білімнің сапасы мен жұмысшы мамандарының беделі мен мәртебесін арттыру. Өңірлік чемпионатқа Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінен 2 құзыреттілік бойынша 2 студент қатынасты.Чемпионатқа қатысқан студенттер мен жетекшілері сертификат иеленді.”Аспаз” құзыреттілігі бойынша өз білімдері мен қабілеттерін көрсете білген ІІІ курс студенті Бөкенова Бибінұр шеберліктің медальон иегері болды, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Сулейменова Бота. “Жеңіл автокөліктерін жөндеу және күтім жасау” құзыреттілігі бойынша ІІ курс студенті Аманбаев Азамат алғыс хат пен сертификат иеленді, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Ержанов Қуаныш.


Жарияланды: 07.06.202113:44

Автор: