«WorldSkills-2023»чемпионаты

              7-8 желтоқсан күндері өткізілген колледжішілік «WorldSkills 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушыларымызды марапаттау салтанаты ұйымдастырылып, онда чемпионаттың бас сарапшысы колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «Жұмаханов С.Р.» Ж/Қ – төрағасы Жұмаханов Сағат Рабайұлы қатынасты.

«WorldSkills» колледжішілік сайысында  «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша  Идеятов Ағаділ Нұрдаулетұлы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді және облыстық  чемпионатқа қатысуға жолдама алды.

Барлық қатысушыларға колледж әкімшілігінің марапаттары табысталды.


Жарияланды: 10.12.202208:48

Автор: