«Тарих қойнауындағы асыл мұра» тақырыбында семинар

ҚР Мәдениет және спорт 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Тарих қойнауындағы асыл мұра» тақырыбында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және «Сарайшық»  ауылдық  мәдениет үйі» КМҚК ұйымдастыруымен  семинар өтті.

Семинарға Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің тарих пәні мұғалімі Жұқатаева Дина Бөрібайқызы “Атырау облысының тарихи-мәдени ескерткіштері” және шәкірті 1 курс студенті Елтай Ермұрат Баймұратұлы “Сарайшық – мәңгілік ел мұрасы” тақырыптарында баяндама жасады. Семинар соңында арнайы сертификаттар табысталды.


Жарияланды: 18.04.202315:52

Автор: