Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

2023 жылдың 27 қазан күні Атырау облысы білім беру басқармасы, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығы және Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында облыстық   студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Аталған конференцияға Махамбет көп бейінді  ауыл шаруашылық колледжінің 2 курс студенті Владимирова Мелена Владимировна  баяндамасымен қатысып  «Алғыс хатпен»  марапатталды.

 Студенттің ғылыми жетекшісі Сагинбаев Сатыбалды Сагинбаевичке ұжым атынан алғысымызды білдіреміз.

#Атыраубілімжемқорлыққажолжоқ2023 #Біртұтас_тәрбие


Жарияланды: 14.11.202310:43

Автор: