Сарғабанда болған оқиға

Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері, журналист, жазушы ,әдебиетке шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген қаламгер Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл. Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Жетісу облысы, Қаратал ауданында дүниеге келген.Соғыс аяқталған соң қазақ ұлттық универститетіне оқуға түсіп, түрлі газет басылымдарында еңбек жолын бастады. Детектив жанрын қолға алып «Қазақ детективінің атасы» ретінде танылды.Қазақ тілінде ғана емес, бүкіл Орта Азия әдебиетінде детектив жанрының негізін салушы. Осы бағытта кітапханада колледж студенттері мен жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяандалып, талқыланды. Жазушының «Сарғабанда болған оқиға» әңгімесі талқыланды.
#біртұтас_тәрбие


Жарияланды: 17.11.202310:46

Автор: