“Саналы ұрпақ” еріктілер клубы жұмыс жасайды

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде “Саналы ұрпақ” еріктілер клубы жұмыс жасайды. Клубтың негізгі мақсаты: Құқықтық мәдениетті тәрбиелеу үшін студенттер арасында құқықтық оқытулар өткізу болып табылады.

“Саналы ұрпақ” еріктілер клубының 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары:

  1. Колледж бойынша студенттерді әділдікке, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында әр оқу топтарында «Тәртіпке бағын жасыңнан» атты тәрбие сағаттары өткізілді.  
  2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықсыз болашаққа!» атты пікірсайыс алаңы өткізілді.
    1. «Мемлекеттік қызметті алу» түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    2. «Сенім -жетістіктің кілті» атты жатақхана студенттерімен тренинг өткізілді.
    3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тиімділігі» құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу.
    4. «Біздің міндет- халыққа қызмет» тақырыбында эссе байқауы.
    5. Колледжде «Адалдық дүкені» жұмысын жалғастыруда.

    #біртұтас_тәрбие


Жарияланды: 06.10.202309:50

Автор: