Облыстық педагогикалық оқулар

20 наурыз күні “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастырған “Білім беру ұйымдарының қызметін тиімді жүргізуде заманауи инновациялық технологияларды қолдану” тақырыбында облыстық педагогикалық оқуларына колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Канкомова, арнайы пән оқытушысы С. Сагинбаев, тәрбиеші В. Махимова қатысып,бағыттары  бойынша  өздерінің  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

24 наурыз күні педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары секциясы бойынша әріптесіміз арнайы пән оқытушысы С. Сагинбаев Құрмет грамотасымен марапатталды.

Құттықтаймыз!.

 


Жарияланды: 27.03.202315:05

Автор: