«Махаббат қызық мол жылдар» шығармасы

Қазақстанның халық жазушысы Ұлы отан соғысының ардагері Қазақ Сср – нің мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайыховтың туғанына 15 желтоқсанда 100 жыл толды. Жазушы 40 – тан астам кітаптардың авторы. Соның ішінде жазушының “Махаббат қызық мол жылдар” романы қалың оқырманға арналған,жастарға үлгі болар еңбек. 1970 жылы жарық көрген туындының әлі күнге алар орны ерекше. ”Махаббат қызық мол жылдар”кітабын оқымаған жан аз шығар! “Махаббат қызық мол жылдар” шығармасы жас ұрпаққа махаббат деген ұлы сезімнің бар екенін, махаббаттың – ұлық екенін ұғындырады. Осы бағытта Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледж кітапханасы мен ауылдық кітапхана бірлесе отырып студенттер, қызметкерлер қатысуымен жазушының “Махаббат қызық мол жылдар” кітабынан пікірлесіп ойларын ортаға салды.


Жарияланды: 15.12.202221:12

Автор: