Колледжішілік педагогикалық оқулар

2024 жылдың 26 ақпан күні Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің әдістемелік жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес, колледж әдіскері Д. Жұқатаеваның ұйымдастыруымен «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында  колледжішілік педагогикалық  оқуларын өткізді.

Педагогикалық оқуларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

-педагог қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру;

-педагогтің кәсіби деңгейін арттыру;

-озық педагогикалық тәжірибені анықтау және насихаттау;

-білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын және оқыту платформаларын тиімді қолдану.

Педагогикалық оқуға физика және информатика пәні мұғалімі Тугелбаева Жанаргул Сатбергеновна; дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бердешев Айдос Сансызбаевич; АӘД жетекшісі Жакеев Кожагали Темиргалиевич; ағылшын тілі пәні мұғалімі Тукеева Молдир Женисовна; өндірістік оқыту шебері Дүйсенбиев Нұрболат Сарсенбайұлы; өндірістік оқыту шебері Избасарова Жанар Тлегенова өз жұмыстарын ұсынып, баяндама жасады.  Сайыс барысында әдіскер оқытушыларды психологиялық қолдау және мотивациялау   мақсатында «Тұлғаны таны» тренингін жүргізді.  Қорытынды бөлімінде сараптау кеңесінің шешімімен физика және информатика пәні мұғалімі Ж. Тугелбаева облысқа жолдама алды.


Жарияланды: 05.03.202416:18

Автор: