“Егемен еліміздің еңселі ұстаздары” атты облыстық-фестиваль

“Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы”қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 22 сәуір күні “Егемен еліміздің еңселі ұстаздары” атты колледж қызметкерлері арасындағы көркемөнерпаздардың облыстық – фестиваль өтті. Осы байқауға Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық  колледжі қызметкерлері қатысып, нәтижесінде:

1.Габбасова Айнагул  Абдрахманова – “Эстарадалық ән” номинациясы бойынша жүлделі 3 орын және 20 мың ақшалай сыйлық;

2.Шуриева Тоғжан Ерболқызы – “Хореография өнер”(би) номинациясы бойынша 3 орын және 20 мың ақшалай сыйлық;

3.Канкомова Анаргул Нурымовна – «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша «Алғыс хат» марапатталды.

Колледжіміздің намысын қорғаған қызметкерлерімізге ризашылығымызды білдіре отырып, жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Колледжіміздің намысын қорғаған студенттеріміз бен олардың жетекшілеріне ризашылығымызды білдіре отырып, жүлделі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Жарияланды: 25.04.202308:55

Автор: