«Біз мәңгілік ел ұландарымыз» әскери-спорттық сайыс

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Біз мәңгілік ел ұландарымыз» тақырыбында алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы Жакеев Қожағали әскери-спорттық сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты:студенттердің бойында патриоттық сезімді, салауатты өмір салтын, әскери қызметті насихаттау, жастардың арасында достықты, ынтымақтастықты нығайту. Сайысқа №7, №8, №1 топ командалары қатысып, бір орындағы бұрылыстар, Калашников автоматын бөлшектеп, қайта жинау, пневматимкалық қарудан нысананы дәлдеу, кір тас көтеру, арқан тартыстан өзара бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды №7 топ, 2 орынды №1 топ, 3 орынды №8 топ командалары иеленіп арнайы дипломдармен марапатталды.


Жарияланды: 21.11.202217:30

Автор: