«Курстан кейінгі кері байланыс»

1 желтоқсан күні колледжде «Курстан кейінгі кері байланыс» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты:педагог қызметкерлердің курстан алған білімдерін қолдану мақсатында ұжымға тарату және оқу үрдісіне енгізу үшін тәжірибе алмасу.

3.10.-21.10. 2022 ж. – Г. Мукашева, Ш. Куспангалиев және 31.10. – 18.11. 2022 ж.  –  аралығында Н. Дүйсенбиев, А. Тлеугалиева «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан алған білімдерімен колледж ұжымымен бөлісті.

Семинардың ортасында педагогтерді сергіту мақсатында колледж психологы А. Мухамеджанова «Сіз тыңдай білесіз бе?» атты психологиялық тренингін ұйымдастырды. Сергіту сәті ұстаздарымызға керемет көңіл күй сыйлап, семинарымыз сәтті аяқталды.


Жарияланды: 07.12.202210:28

Автор: