“Ауғанның отты жылдары” атты кеш

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 15 – ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 – жыл толуына арналған “Ауғанның отты жылдары” атты  Ауған соғысының ардагері, ұстаз Шаймарданов  Қадірбек Қадыржанұлымен  кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты:студенттерге Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу  сұхбаттасу.

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, патриоттық  тәрбие беру.


Жарияланды: 17.02.202314:24

Автор: