Арнаулы пәндер онкүндігі

Махамбет  көп  бейінді ауыл шаруашылық  колледжінде 3-14 сәуір аралығында «Кәсіби құзыреттілік – сапалы білімде» тақырыбында арнаулы пәндер онкүндігі өтуде.

5 сәуір күні арнайы технология пәнінен Зұлпыхар Лауия «Жоғары сапалы сылақ жұмысын жүргізу» тақырыбында №2 арнаулы топ студенттеріне ашық сабақ өткізді. Мақсаты білім алушыларға қабырға бетінің тегістігін анықтау, маяк орнату, маяк бойымен жоғары сапалы сылақ жұмысын жүргізу туралы түсінік беру. Сабақ барысында «Қоржын» ойыны, «Wordwall», «Дұрыс-бұрыс» әдіс-тәсілдері қолданылып, студенттер тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады.


Жарияланды: 11.04.202317:24

Автор: