Құрылыс, ауылшаруашылығы, өнеркәсіптік сияқты кез – келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп келген мәртебесі артатыны анық.
Құрылыс, ауылшаруашылығы, өнеркәсіптік сияқты кез — келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп келген мәртебесі артатыны анық. Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша кезекті мәселе екендігін атап өтті. 1958 жылдан бастап ірге тасы қаланған Сарайшық кәсіптік-техникалык училищесі (бүгінгі колледж) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 22 сәуірдегі №632-Р нұсқауына сәйкес және облыстық еңбекшілер депутаттары кеңесінің шешімімен «Сарайшық ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі» болып жұмысын жалғастырды. Алғашқыда бір, екі жылдық оқу мерзімімен тракторшылар, жүргізушілер және жөндеуші слесарьлар даярланды. 1971 жылдан бастап арнаулы мамандықтармен қоса орта білім беретін оқу орнына айналдырылды. Бастапқы құрылған жылдардан бергі мерзімде «Кең көлемді трактор-машина жүргізушісі», «Мал шаруашылығының механизаторы», «Ауыл шаруашылығындағы техникаларды жөндеуші слесарь», Мал шаруашылығындағы электромонтер, алты айлық оқу мерзімімен «Трактор жүргізушісі», «Жеміс өсіруші», бес айлық оқу мерзімімен «Комбайн жүргізушісі», үш жылдық оқу мерзімімен «Бухгалтерлік есеп», «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық әрекетке талдау», «Бухгалтер-экономист», «Жеміс-жидек өсіру шебері», «Шаруа және фермер қожалықтарын ұйымдастырушы», «Компьютерде жұмыс жасай алатын, ағылшын тілін меңгерген бухгалтер», «Фермер-арендатор»,«Автомеханик», «Жинақ банкісінің бақылаушысы, кассир» мамандықтары бойынша 2500-ге жуық мамандар даярланды. Осы уақыт ішінде оқу орнынан қанат қаққан түлектер Атырау облысы мен осы облыстың Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға, Жылой аудандарында, әр турлі салада абыроймен еңбек етуде.
1985 жылы білім оның атауы №10 орта кәсіптік-техникалык училище болып
өзгерді. 1993 жылы оқу орнының базасында «Кәсіби дайындық курсы пәндерін жүргізу методикасы» деген тақырып бойынша аймақтық республикалық семинар өтті. 1996 жылғы 8 тамызда Атырау облыстық білім басқармасының №165 бұйрығына сәйкес, оқу орны №7 кәсіптік- техникалық мектеп болып жасақталып, одан әрі де нәтижелі жұмыс жасады. Ал аталмыш басқарманың 2003 жылғы 18 шілдедегі №327 бұйрығы бойынша №7 кәсіптік мектеп болып өзгерді. Одан әрі заман талабына сай, 2007 жылы №10 кәсіптік лицейге айналды. Арманшыл ұрпақтардың алтын ұясы болған оқу орны 2012 жылы «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» деген атауға ие болды, 2013 жылы 23 қаңтарда Атырау облысы әкімдігінің № 21 қаулысымен «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгеріп, жаңа бағыттағы бағдарлама бойынша жұмыс істеумен қатар, өткеннің игі дәстүрлерін де жас мамандардың санасына сіңіруде педагогикалық ұжым жемісті еңбек етуде. Қазіргі таңда «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК-ны 141 студентке сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ауылшаруашылығына қажетті жұмысшы мамандарын даярлап отыр. Колледж ұжымы осы жолдауда берілген бағыт-бағдарлар бойынша нұскауды тиімді қолданып, жұмысшы мамандарының мәртебесін арттыру үшін жұмыс жасау басты міндетіміз деп санайды. Мемлекет басшысы өз жолдауында жұмыстың жаманы жоқ кез-келген еңбек қадірлі. Ең бастысы әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқару нәтижесінде еліміздің дамуына сапалы сара түседі деген ойдамыз. Жұмысшы мамандықтар жылы – маман тапшылығы шешіліп, білікті кадрлардың артуына ықпал етеді. Олар Мемлекеттік ынталандыру шаралары, сонын ішінде колледждерде оқытуды қаржыландырудың 2 есеге ұлғаюы, жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық бағдарламаның іске қосылуы секілді қолдау түрлері жастардың жұмысшы кәсіптерін саналы түрде таңдауына септігін тигізеді деп санайды. Бүгінгі таңда, біздің түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 74%-ын құрайды. Сонымен қатар, біздің оқу орнымызда дуальды оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Студенттеріміздің 60% практикада, 40%-ы білім беру ұйымында оқиды. Осы арқылы олар кәсіпорындарда практикадан етіп, кейін сол жерлерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Күні бүгін колледж бойынша төрт оқу шеберханасы жұмыс жасайды. Олар «Күтім және жөндеу шеберханасы», «Тегершік жөндеу», «Құрлысшы», «Газ, электрмен дәнекерлеуші», 1 цех «Аспаз».