Бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанатты кеші

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде бітіруші түлектерге  диплом табыстау салтанатты кеші өтті.

Колледжді «Ауыл шаруашылық техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша 27 студент;

«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша 8 студент;

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 10 айлық курс 15 студент бітіріп, қолдарына құжаттарын алды.  Колледж өміріне, өткізілген мәдени шараларына белсене қатысқан түлектер дипломмен марапатталды.

Әрбір бітіруші жас түлекке қажымас қайрат, талмас қанат, биік шыңдардан көрінуге, ел өркениетін дамытуға бағытталған өткір де өзекті жобаларын жүзеге асыру жолында сәттілік тілейміз!

 


Жарияланды: 30.06.202307:35

Автор: