Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып

2022 жылдың 6 қазанында колледжімізде ұстаздар мерекесіне орай  «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Кездесу кеші өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу мен білікті мамандар даярлау ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында өткізілді. Кеш қонақтары осы оқу орнында ұзақ жылдар еңбек етіп, колледжіміздің дамуына өз үлестерін қосқан ұлағатты ұстаздар Құрмашев Нығмет, Таупов Рауль, Дюсеев Пангерей, Тұрағалова Зоя, Хайреденова Сәуле, Хайруллина Қатия апайларымыз естеліктерімен бөлісті.


Жарияланды: 07.10.202217:17

Автор: