2021 жылдың 6 қазан  күні Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің  4 топ студенттері мен өндірістік оқыту шебері Қ.Ержанов “Рамазан” шаруа қожалығына барып,бұзылып тұрған Т-4 шынжыр табанды тракторының радиаторын түсірісіп

2021 жылдың 6 қазан  күні Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің  4 топ студенттері мен өндірістік оқыту шебері Қ.Ержанов “Рамазан” шаруа қожалығына барып,бұзылып тұрған Т-4 шынжыр табанды тракторының радиаторын түсірісіп,беріліс қозғалтқыштарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті.Шаруа қожалығының жетекшісі Г.Қабдешова студенттердің жұмыстарына риза болып,тағы да басқа да ауыл шаруашылығы техникаларына жөндеу жұмыстарына көмектесуге ұсыныс білдірді.Колледж студенттері мен өндірістік оқыту шебері әрдайым әлеуметтік серіктестіктерге осылай көмектесіп келеді және алға қарай да көмек қолын созуға дайын.Бұндай тәжірибелік жұмыстар алға қарай өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

 


Жарияланды: 08.10.202117:15

Автор: