«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы
Сарайшық ауылдық мәдениет үйінде “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” республикалық акциясы аясында шара ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту.
Шарада Махамбет аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы,полиция капитаны Сапаргалиева Арайлым Абайқызы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледж психологы Мухамеджанова Айман Нурабаевна отбасында зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында баяндама жасады.