“Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өтуде
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде “Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өтуде. Кітапханашы Ж. Искакованың ұйымдастыруымен “Өзін – өзі тану” адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы авторының қызметі туралы “Мейірім төгетін ана” атты кітап көрмесі жасақталды.