“Татулықтың тірегі де, жүрегі де тіл” атты көркемсөз оқу сайысы

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай “Татулықтың тірегі де, жүрегі де тіл” атты көркемсөз оқу сайысы өтті. Мақсаты: студенттерге тілдің өркендеп ,оянуына, мәртебесін биік ұстау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Сайысқа 1,2 курс студенттері қатынасты. Аталмыш шарада  Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым”, Д.Әбілевтің “Туған тілім”,Несіпбек Айтұлы “Ана тілі”, М.Жұмабаевтың “Қазақ тілі”, С.Иманасов “Тіл”  тақырыбындағы ақындар өлеңдері оқылды. Ермұрат Ерасыл 1 курс 7 топ студенті – І орын, Утегенова Тілекші 2 курс 1 топ студенті – 2 орын, Макзумов Асылхан 2 курс 1 топ студенті -3 орын иеленді. Өзге де мәнерлеп оқудан үздік көрінген студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.


Жарияланды: 09.09.202214:40

Автор: