“Татулықтың тірегі де, жүрегі де тіл”

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап  өту мақсатында ” Татулықтың тірегі де, жүрегі де тіл” атты іс – шара жоспары жасақталды. Аталған жоспар бойынша өлкеміздің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосқан, рухани дүниені асқақтатып, елдіктің сөзін сөйлеп, ұлылығын ұлықтап, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары: айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі Жәниба Қарасаева, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі Тарас Наурызәлі, зейнеткер ұстаз, Махамбет ауданының  Аналар кеңесінің төрайымы  Жібек Мұғауовамен ” Ұлт тағдыры – ел тағдыры” деген тақырыпта  кездесу өтті. Кездесу барысында кеш қонақтары  өздерінің еңбек жолдары мен шығармашылықтары  туралы айта келе, қазіргі таңдағы тіл мәселесі төңірегінде студенттердің ойында жүрген сұрақтарына жауап берді.


Жарияланды: 09.09.202214:32

Автор: