«Рух Батыр» – «Бақыт үйі», «Бақыт ұясы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Өзін-өзі тану- Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында ІІ курс 5 топ жетекшісі Жексембаева Нұрия студенттермен «Рух Батыр» – «Бақыт үйі», «Бақыт ұясы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге рухани адамгершілік пен тәрбие беру. Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезіміне сүйіспеншілік танытып, оны құрмет тұтуға баулу. Сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу.