Орта мектептің 9 сыныбын бітірген оқушыларды 2 жыл 10 айлық оқу мерзімімен төмендегі мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды

 1.«Ферма шаруашылығы» (бейіндері бойынша). Оқу  мерзімі – 2жыл 10 ай

2.«Тамақтандыруды  ұйымдастыру».     Оқу  мерзімі –  2 жыл  10 ай

Жоғарыда  аттары  аталған  мамандықтардың  ішіндегі «Фермер шаруашы-лығы» (Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы – машинисті – оқу  мер-зімі – 2 ж 10 ай) мамандығы  бойынша оқуға қабылданғандар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды  және жаппай  кәсіпкерлікті  дамытудың  2017 – 2021  жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша оқытылып, 2 біліктілік беріледі. Ол топтағы білім алушылар оқу үлгеріміне қарамастан оқу мерзімі аяқтал-ғанша 21,787 теңге көлемінде шәкіртақы алса, «Тамақтандыруды  ұйымдас-тыру» (Аспазшы – оқу мерзімі-2 жыл 10 ай) мамандығы бойынша оқуға қабылданушылар алғашқы төрт айына түгелдей сабаққа қатыстарына қарай шәкіртақы алса, қаңтар айынан бастап  жартыжылдық оқу қорытындысы негізінде (тек жақсы үлгерім көрсеткендері ғана)  шәкіртақы алады. Колледжге қабылданғандардың барлығына (жергілікті білім алушылардан басқаларына)  жылына 2 рет (қысқы және жазғы каникул уақытына) жолақы төленеді.

Колледж  бойынша  барлық  студенттерге  тегін білім беріліп, асханадан 3 мезгіл тамақ беріледі,  тегін  жатақхана беріледі.  Колледжде  оқыған оқу мерзімі  еңбек  өтіліне  қосылады. Барлық студенттер қалауына  қарай жеңіл-дікпен  ақылы  негізде, қысқа  мерзімде (3 айлық,  10 айлық, т.б.)  төмендегі  мамандықтарды  қосып оқып алуларына мүмкіндіктер жасалады:

     
1. «АВ» категориялы  трактор жүргізушісі
2. «ВС1»  категориялы  автомобиль жүргізушісі
3. “Газ  және  электрмен  дәнекерлеуші”
4.  Электр құралдарды жөндеуші слесарь – электригі.

                   Байланыс  телефондары:  25-5-24,  25-5-40,  25-5-59

 

 


Жарияланды: 28.04.202115:23

Автор: