“Әнің тұрар жаңғырып” атты кеш

әсем әннің көк мұхитын шырқаған,
Ей,Ғареке,қасиетті қазына жыр,байтақ ән.
Сенің ару жүрегіңді қалайша мен айта алам,
Сендей саңлақ бұл өмірге келер ме екен қайтадан?!-деп ақиық ақын Төлеген Айбергенов жырлағандай,Қазақ ҚСР халық әртісі,күміс көмей дүлділ әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 115 – жыл толуына орай Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі кітапханасы мен селолық кітапхана бірлескен “Әнің тұрар жаңғырып” атты еске алу кеші өтті.
Кеште өнерпаздар Алма Тапахова мен көркемдік жетекші Айнагүл Ғаббасова әншінің әндерін орындады.Колледж студенті Жеткінұлы Нұрхат ақын Төлеген Айбергеновтің әншіге арнаған “Әуен мен ырғақ” өлеңін оқыды.
Кеш барысында студенттерге күміс көмей әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірбаяны мен еңбек жолдары таныстырылды және ауылымыздың өнерпазы Ғ.Құрманғалиевтің шәкірті марқұм Сәуле Тапахова апайымыз туралы естеліктер айтылып,әндері тыңдалды.
#біртұтас_тәрбие


Жарияланды: 01.02.202409:16

Автор: