Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні
17 – Наурыз: Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі, Сайлау Диананың Шаңырақ тақырыбына арналған көрінісі.