Мақсаты мен міндеттері
Атырау облысының білім басқармасы
«Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2021-2025 жылдарға арналған
стратегиялық даму жоспары
Колледждің міндеттері мен келешегі.
Стратегиялық мақсаты мен міндеттері. Стратегиялық бағыты.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Кәсіптік – техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет» – деп көрсеткен болатын. «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық» колледжі МКҚК (әрі қарай колледж) Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру кластерін дамытудағы үлесін жан-жақты білім беру инфрақұрлымын құру, ауыл шаруашылық мамандарын даярлау саласындағы ТжКБ мамандықтары бойынша инновациялық технологияларды жасау, теорияны практикамен біріктіру, барлық мүдделі тараптардың әлеуметтік әріптестігін дамыту деп біледі.
Колледждің стратегиялық даму жоспарын жасау барысында білім берудің дамыту үрдістері, сонымен бірге қалыптасқан дәстүр мен аймақтық ерекшеліктер ескерілді. Атап айтқанда, жоспарланған іс – шаралардың барлығы тұтасымен колледждің білім беру кеңестігіне енуіне, ТжКБ ұйымдарының білім беру үрдісіне бағытталған.
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі студенттерге білімдік қызмет көрсетумен ғана шектелмейді. Білім деңгейі жоғары, ой-өрісі келісімді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыру тәрізді колледж миссиясы айқындалған.
Колледжде осы мақсаттарға жету стратегиясы әзірленген. Оқу жоспарына сәйкес жүргізілген оқу үрдісі мен мемлекет саясаты шеңберінде әзірленген тәрбие жұмысы білім алушыларды:
– көшбасшы қасиеттерге ие қоғамның парасатты мүшесі ретінде;
– сындарлы ойлау мен нақты шешім қабылдауға қабілетті, адал тұлға ретінде;
– өз кәсібінің үздігі, шебері ретінде;
– кәсіптік мансапта немесе білімін тереңдету барысында табысқа жетуге мүмкіндігі мол саналы азамат ретінде тәрбиелейтін болады.
Колледждің 2021 – 2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспары заңнамалық құжаттарға, атап айтқанда, ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарған арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделіп жасалған.
Стратегиялық жоспарда көзделген басым бағыттар:
- Сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету, жалпы европалық білім беру кеңістігіне ену;
- Білім алушылардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік – экономикалық дамуына тартылып қосылуына жағдайлар жасау;
3.Жұмыс берушілер мен кәсіби білім беру қызметін тұтынушылардың білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету;
- Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу;
- Кәсіби қызметтің, кәсіби тәжірибенің және білім берудің технологияларын оптимизациялау, білім алушыға қызметтің жаңа әдістері мен түрлерін меңгерту арқылы өмірлік қажеттілігі бар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үйрету.
- Қамқоршылар кеңесінің жұмысын жандандырып, ауқымын кеңейту.
Болжам:
Төменде келтірілген болжам біздің мақсаттарымызды орындаудың негізгі алғы шарттарын сипаттайды. Негізгі жорамалдар:
* 2024 – 2025 оқу жылына қарай жалпы студенттер саны 420 адамға дейін өседі деп жорамалданып отыр, ол 2019 – 2020 оқу жылымен салыстырғанда 8,7% өсімді құрайды;
* Негізгі ПОҚ кәсіптік біліктілікке немесе ғылыми дәрежелерге ие болады, педагог мәртебесі жоғарылайды;
* Әкімшілік-шаруашылық қызметті оңтайландыру аз шығыс жағдайында біршама жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
* Ақпараттық жүйе, ақпараттық орта жетілдіріледі;
* Корпоративті басқару жүйесі нәтижелі еңбек етеді.
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі орта буын маманын дайындау саласында өз қызметінде айқын, нақты қалыптасқан миссия қойды:
Миссиясы:
«Нарық талаптарына сәйкес техникалық білімді, сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау».
Пайымы:
Қазіргі нарықтық жағдайларда жоғары теориялық білімді, практикалық дағдылары бар, шынайы да, парасатты бәсекеге қабілетті, көшбасшылық қабілетке ие маман – тұлға даярлау.
Мақсаты: Білім беру қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, ТжКБ жүйесін заманауи талаптарына жауап беретін, өндіріспен тығыз байланысты колледж қызметінің басым бағыттарын дамыту.
Қызметтің басым инновациялық бағыттары:
– ақпараттық – білім беру жүйесін жандандыру;
– білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту;
Стратегиялық мақсаттары:
“Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, ішкі және сыртқы нарық үшін жоғары білікті мамандар даярлау,
– мамандарды даярлаудың және ересек тұрғындарды қайта даярлаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз ететін көп бейінді білім беру мекемесін құру;
– үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыру;
– орта буын қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптардың өсуіне байланысты әртүрлі бейіндегі ТжКБ мамандарын даярлау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;
– білім сапасын басқару жүйесінің одан әрі қалыптасуын қамтамасыз ету;
– жұмыс берушінің Жаңа құзыреттіліктерге деген сұранысының өсуіне сәйкес және заманауи өндірістік технологиялардың енгізілуіне байланысты білім берудің қазіргі заманғы сапасына қол жеткізу;
– колледждің білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында білім беру кеңістігін жан – жақты дамыту;
– әлеуметтік әріптестік жүйесін кеңейту (оқытудың дуальді жүйесін енгізу).
– жұмыс берушілер мен білім беру қызметтерін тұтынушылардың еңбек нарық талаптарына сәйкес кәсіптік даярлық сұраныстарын қанағаттандыру, жаңа мамандықтарды ашу, дайындау бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығының қажеттілігін зерттеу.
– жаңа мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу барысын қадағалап, зерделеу;
– кәсіби құзыреттерді игеру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бақылау жүйесін саралау;
– оқу процесіне электрондық оқу модульдерін, электрондық білім беру бағдарламаларын, электрондық оқу – әдістемелік құралдарды енгізе отырып, меңгеру кезінде студенттердің өзіндік жұмысының үстемдігін қамтамасыз ету;
– білім берудің әртүрлі деңгейлерінде, соның ішінде емтиханда, сапаны тәуелсіз бағалау, біліктілікті беру және бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттау сапасының мониторингін жасап, қадағалау;
– әлеуметтік серіктестермен, ата-аналармен, жұртшылықпен тиімді жұмыс;
Колледждің дамуының стратегиялық бағыттары:
– Қазақстан Республикасының қызмет көрсету, ауыл шаруашылық салалары үшін білікті
мамандар даярлауда танымал болу.
– Ауыл шаруашылық саласы үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша
базалық «Құзыретті орталық» орнату.
– Колледждің білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз
ететін инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
– Колледждің инженер-педагог қызметкерлерін кәсіби жетілдіруге және өзін-өзі
танытуға, білім деңгейін арттыруға, шығармашылығын дамытуға оңтайлы жағдай
жасалуын қамтамасыз ету.
– Оқытудың заманауи технологияларын оқу үрдісіне енгізіп, білім беру үдер-ісіне
инновациялық технологияларды енгізуде халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту.
– Оқу үдерісін, оқытуды ұйымдастыру бойынша әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты
кеңейту;
– ақпараттық – білім беру технологиялары мен жаңа буын МЖМБС ресурстарын әзірлеу және
енгізу;
– қазіргі жағдайда орта буын қызметкерлерінің кәсіби дайындығының тиімділігін арттыру
мақсатында құзыреттілік тәсілді жетілдіру;
– білім беру процесін ұйымдастыру нысандарының икемділігі мен ашықтығын жүзеге асыру;
– білім беру қызметінде білім берудің басым мақсаттары мен технологияларды жүзеге асыру;
– кәсіби құзыреттілігі мен мәдениетілігі жоғары ұжымды қалыптастыру;
Тактикалық мақсаттары:
– ТжКБ МЖБС сәйкес жаңа негізгі кәсіби білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуге
қатысуды жалғастыру;
– цикл пәндері (Арнаулы пәндер және жалпы білім беретін пәндер), сондай – ақ пәнаралық
курстарды, оқу және өндірістік практиканы қамтитын кәсіби модульдерді қарастыратын негізгі
кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымына қойылатын талаптарды іске асырып,
жұмыс берушілердің қатысуымен мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
қалыптастыру;
– түлектер ие болатын жалпы және кәсіби құзыреттілікті анықтап, жұмыс берушілермен
бітірушінің құзыреттілік моделін құру;
– білім алушылардың жалпы және кәсіби құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау
құралдарының нысандарын құру және бекіту;
– интерактивті технологияларға басымдық бере отырып, оқыту технологияларын оңтайландыру;
сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивті түрлерін (практикадан нақты жағдайларды
зерттеу әдісі, еңбек қызметінің имитациясы, проблемалық оқыту, жобалар әдісі, рөлдік және
іскерлік ойындар, оқу эксперименті және т. б.) пайдалану;
– оқу процесінде студенттерді белсендендіру, яғни студенттер өздері іздеуі, зерттеуі, өз білімін
арттыруы және студенттерге жеке білім траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
– жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуға бағыттау, міндеттерді шешуде студенттердің дербестігі мен
шығармашылығын көрсетуге жағдай жасау; әлеуметтік маңызды және өмірлік мәселелерді
шешуге үйрету;
– облыстың және өңірдің кәсіпорындарында оқытудың нақты нәтижелері бар оқытушылардың
тағылымдамасын жүзеге асыру;
– материалдық базаны жаңғыртып, жаңартуды жалғастыру.
Колледжді дамытудың жоғарыда көрсетілген бағыттары колледж ұжымының алдына басшылық
қоятын нақты міндеттерді анықтап, колледжішілік бақылау жоспарына сәйкес шешіліп,
бақыланады.
Бәсекелік талдау (SWOT – талдау)
1 кесте – сыртқы талдау.
S (strength) Күшті жақтары | W (weakness)
Әлсіз жақтары |
O (opportunity)
Ұтымды мүмкіндіктер |
T (threat)
Қаупі |
«Махамбет көп
бейінді ауыл шаруашылық колледжі» МКҚК ауыл шаруашылық мамандарды даярлау аясындағы дәстүрлі оқу орны болып табылады. |
Колледж ресурстарын жоспарлау жөніндегі стратегияның баяу дамуы | Колледждің стратегиялық даму жоспарын жасау. Жеке сервер қызметін ұйымдастыру, студенттер мен ата-аналар ақпарат алатын терминал жұмысын ұйымдастыру. | Білім беру рыногінде материалдық – техникалық базасы күшті бәсекелестердің пайда болуы. |
Облыс және аудан орталығына қолайлы орналасуы: санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келетіндігі, жеке оқу базасы. | Оқу ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. | Оқу ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу. Колледж қолайлы инфрақұрылымды қамтамасыз ету. | Колледж ғимараттарының ескі үлгіде салынуы, тозуы. |
Колледжде бар кең істіктер тиімді пайдаланылады. Асхана, спорт залы, кітапхана ж/е медицина кабинеттері, арнайы ж/е жалпы білім әдістемелік кабинеттері жұмыс істейді. | Химия, биология, физика пәндерін оқытуға қажетті лабораториялардың жоқтығы. | Толық жабдықталған асхананы, шеберханаларды ұйымдастыру.
Химия, биология, физика пәндері лабораториялық кабинеттермен қамтамасыз ету. Бүкіл кітапхана қорын электронды есепке алу. Қажетті арнайы пән оқулықтарымен кітапхана қорын толықтыру. |
Жалпы кітапхананы заман талабына сай жабдықтау.
Кітапхана қоры электронды есепке келмей жарамсыздық қалпына келуі мүмкін. |
Колледждегі компьютер сыныптары мен компьютерлер саны жеткілікті болуы. | Компьютерлердің антивирустармен қамтылу жеткіліксіздігі. | Конкурстар мен конференциялар басқа да мәдени шараларды көптеп ұйымдастыру. | Колледж сайтын ашу, толықтыру. |
АКТ құралдарының жеткілікті деңгейі. | ОТҚ кабинеттерінің бағдарламаларымен жеткіліксіз жабдықталуы. | Бюджет қаржысынан тыс ОТҚ кабинеттерін жаңа құралдармен жабдықтау. | Компьютер класындағы құрылғылардың ескіруі және пайдалану мерзімдерінің өтіп кеткендігіне байланысты шығысқа шығаруға
жатады. |
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту. | Еңбек рыногінің сұраныстарына сай педагог мамандардың жетіспеуі. | Еңбек рыногінің сұраныстарын ескеріп, жаңа
мамандықтар ашу. Колледждің қаржыландырудың мемлекеттен басқа көздерін іздестіру. |
Өндірістік оқыту шеберлерінің мамандығына сай келмеуі. |
Студенттер құрамы
орта мектеп бітірушілер. |
Талапкерлердің дайындық
деңгейлерінің әртүрлілігі. Өңірде мамандыққа бағдарлаужұмысының нашар жүргізілуі. |
Шығармашылық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін қаржы тарту жөніндегі қамқоршылар кеңесінің жұмысын жандандыру. | Мектеп түлектерінің
ауыл шаруашылық мамандығына қызығушылығының төмендігі. |
Оқу – әдістемелік жұмыстың бар екендігі. | Аймақтық оқу- әдістемелік және білім беру бірлестіктерімен ынтымақтастықтың баяу дамуы. | Колледжішілік, облыстық семинарлар, әдістемелік күндер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шебер-сынып сабақтарын т.б. өткізу | Шығармашылық жобалардың жеткіліксіз қаржыландыруы |
Студенттердің тұлға ретінде қалыптастыру және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалынған. | Студенттердің Республикалық, деңгейлердегі ғылыми-практикалық жұмыстар мен ғылыми конферен-цияларға қатысу нәтижелілігінің төмендігі. | Студенттерді ғылыми-практикалық конферерцияларға қатысуға тарту. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесіне іске қосу, «Нұр–Отан», «Жас Отан» партияларымен ынтымақтастық орнату. | Нарық еңбегі қажеттілігіндегі тиісті мекемелердің белсенділігінің төмендігі. |
Оқу процесі жолға қойылған. Жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша нормативтік құжаттар базасы бар. | Студенттердің құқықтық
сауаттылығының жеткіліксіздігі. |
Колледждің мақсаттары мен міндеттерін шешуге кадрлардың, студенттердің әлеуетін барынша пайдалану.
Жүйелі мониторинг және МСЖ бақылау, халықаралық тәжірибе мен танысу. Студенттерге ТжКББ жұмысын қамтамасыз етуші заңдарды, қазіргі құқық жұйесінің нормаларын оқыту. Құқықтары мен міндеттерін білу. Оқу процесіне қазіргі замандық білім беру және ақпарат технологияларын енгізу. |
Студенттердің басым көпшілігінің самарқаулығы
Колледждің техникалық базасы деңгейінің жеткіліксіздігі. |
Ақылы білім беру қызметтерін көрсету жүйесін және колледжді бюджеттен тыс қаржыландыруды дамыту. | Қазіргі білім беру рыногіндегі көретілетін қызметтердің құнын анықтау үшін аудиторлық талдау жасалынбайды. | Студенттер құрамын арттыру. Ақылы қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру, білім беру процесіне қолдау көрсету, оның ішінде үздік студенттер мен білім беруде, ғылыми –зерттеу ісінде, ұйымдық – әдістемелік және тәрбие жұмысында жоғарғы нәтижелерге қолдары жеткен оқытушыларды материалдық қолдау қорларын құруға мүмкіндік береді. | Экономикалық кризис. |
2013 жылы Атырау облысының әкімдігінің «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» 23 қаңтар,7 маусым айларындағы № 21 қаулысы негізінде «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Колледж Махамбет ауданы, Сарайшық селосында орналасқан.
Жалпы колледж қуаты 450 білім алушыларға арналған, 1 оқу корпусы, 3 оқыту шеберханасы, 2 оқыту лабораториясы, 1 оқу жаттығу полигоны бар. Колледжде білім алушыларға толық жағдай жасалған, олардың игіліктері үшін 2 жатақхана, 1 спортзал, 1гимнастикалық зал, 240 орынды асхана, 160 орынды акт залы, 1компьютер және 1 тренажер кластары, монша жұмыс жасайды.
Атырау облысының Әділет департаменті Махамбет ауданының Әділет басқармасында 2013 жылғы 20 маусым заңды ұйым есебінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, № 176-1915-08-МК анықтамасы берілген. Колледждің жарғысы 2013 жылғы 23 қаңтар, 20 маусым айларындағы №21 қаулысымен бекітілген. Осы жарғы 2008 жылдың 5 мамыр Махамбет ауданының әділет басқармасында №176-1915-08-МК тіркеліп, №910740000074 бизнес сәйкестендіру номері берілген. (1- Білім беру қызметімен айналысуға Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2013 жылы 25 қарашасындағы №13018412 бас лицензиясы берілген. Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлеріне осы лицензияға №13018412 номерлі №002 қосымша 25.11.2013ж. берілген. Осыған сәйкес төмендегі 9 мамандық бойынша енгізілген.
№ | Шифр | Мамандық атауы | Оқу мерзімі | Лицензия номері |
1 | 1501000 | Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 2 жыл 10 ай | № 13018412 |
2 | 1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану | 1 жыл 10 ай | № 13018412 |
3 | 0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) | 2 жыл 10 ай | № 13018412 |
4 | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 1 жыл 10 ай | № 13018412 |
5 | 1114000 | Пісіру ісі (түрлері бойынша) | 1 жыл 10 ай | № 13018412 |
6 | 0503000 | Слесарлық іс | 2 жыл 10 ай | № 13018412 |
7 | 0508000 | Тамақтандыру ұйымдастыру | 2 жыл 10 ай | № 13018412 |
8 | 1504000 | Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша) | 2 жыл 10 ай | № 13018412 |
9 | 0901000 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары | 1 жыл 10 ай | № 13018412 |
Аспаз мамандығы цехында Еттартқыш – 1 дана, ұн тағамдарын жасайтын кіші цех – 1 дана, 2 секциялы вафельница – 1 дана, қамыр әзірлегіш – 1 дана, Фритюрница электрическая бытовая – 2 дана, Қысқатолқынды пеш – 2 дана, Эмалды кастрюль жиыны – 1 комплект тағы басқа күнделікті өндірістік оқыту сабақтарына пайдаланылатын құрал-жабдықтар бар.
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандығы цехында Цемент араластырғыш СБР – 1 дана, түзеткіш -3 дана, Деңгейлегіш – 2 дана, тағы басқа сылақшы-сыршы пайдаланылатын құрал-саймандар бар.
Слесарь ісі шеберханасында Қайрау станогы 3К-633 -1 дана, Слесарь ісі кабинеті – 1 комплект, Бұрғылау станогы – 2 дана өндірістік оқыту сабақтарын өткізетін құрал-саймандар бар. 1 мезгілде 25 студентке арналған слесарлық жұмыстарды орындауға арналған столдары іскенжелермен жабдықталған.
Күтім шеберханасында Стенд Э-242 автокөліктердің электр жабдықтарын тексеретін, реттейтін диагностикалайтын құрылғы – 1 дана, Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру аппаратын жөндейтін, реттейтін құрылғы – 1 дана, Клапондарды тазалайтын, реттейтін, жөндейтін құрылғы – 1 дана, Көтергіш домкраты – 1 дана, Эжжекторлы қозғалтқыштардың форсункаларын реттейтін, тазалайтын құрылғы – 1 дана, Жылжымалы 2 жақтаулы көтергіш – 1 дана тағы басқа өндірістік оқыту сабағын өткізуге арналған құрылғы-саймандар бар.
Жөндеу шеберханасында Дөңгелек жөндейтін, теңгерімін реттейтін құрылғы – 1 дана, Дөңгелек ашатын құрылғы – 1 дана, Компрессор – 1 дана, Әр түрлі съемниктер – 1 комплект, Дөңгелектердің құламалылығын, қисауын диагностикалайтын құрылғы – 1 дана, Әр түрлі кілттер жиынтығы бар, 1 мезгілде 10 студентке арналған жөндеу столдары іскенжелермен жабдықталған.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бағдарламасы
«Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық» колледжі МКҚК міндетіне сәйкес, өзінің қызметін кәсіптік педагогикалық білім саласында оқу–әдістемелік орталықтың үйлестіруші ретінде өзінің ұстанымын бекітіп және сақтап өзінің қызметін құру. Жуық арада колледж білім беру кеңестігінде ең үздік педагогикалық колледждердің бірі болуға ұмтылуы тиіс.
Еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, оқу-әдістемелік, шығармашылық жетістігі, практикалық жұмыс тәжірибесімен, оқытушылар қарым – қатынасындағы мәдениеттілік, сонымен қатар, материалды базасымен анықталатын оқытушы құрамының кәсібилігі колледждің беделділігінің негізгі индикаторы болып табылады.
Колледждің 2021 – 2025жж. Стратегиялық жоспарын іске асыру бағдарламасы колледждің ТжКБ білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі жағдайындағы қызметінің бірсыпыра негізгі бағыттарын қарастырады.
«Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық» колледжі МКҚК стратегиялық жоспарын дамыту қызметтерінің стратегиялық бағдарламаларына бөлінуі:
Ұйымдастыру-басқару
Ақпараттық-білім беру
Қаржы-шаруашылық
Шығармашылық
Тәрбиелік
№2 кесте
Іс – шараның аталуы | Атқару мерзімі | Жауапты орындаушы | |||||||||||||||||||||||
2016
бастау |
2017-2018
жалғастыру |
2018-2019
жалғастыру |
2019-2020
аяқтау |
||||||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру-басқару қызметі | |||||||||||||||||||||||||
1.Мақсат: жаңа экономикалық қатынасы жағдайында колледжді басқарудың инновациялық моделін жасап енгізу және жүзеге асыру. | |||||||||||||||||||||||||
Мақсатты индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
1.1.Колледждің қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды жаңарту(инвариантты және вариативті құраушыларымен) | 95% | 100% | 110% | 115% | Директор | ||||||||||||||||||||
1.2.Колледждің барлық құрылымдарының қызметін мониторингтеу | + | + | + | + | Директор | ||||||||||||||||||||
1.3.Колледждің барлық құрылым басшыларының және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру | 25% | 28% | 30% | 35% | Кадр бөлімі | ||||||||||||||||||||
1.4.Колледжге мамандықтар бойынша студенттер қабылдау | 112 | 157 | 207 | 257 | Директор Қабылдау комиссиясы | ||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
1.1. Колледжді басқарудың инновациялық типті моделін енгізу және сынақтан өткізу | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 | Директор/ Оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
1.2.Колледжің қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды жасау және түзету. | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 | Директор/
Кадр бөлімі |
||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: колледждің басқару жүйесінде инновацияларды жүзеге асыру | |||||||||||||||||||||||||
2. Мақсат: бәсекеге қабілетті мамандар базасын даярлау үшін эксмериментальды-шығармашылық негіз құру | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
2.1.Колледждің мамандар құрамының сапасы мен кәсіби деңгейін арттыру (жоғары және І санатты оқытушылар) | 50% | 55% | 60% | 65% | Директор/
Кадр бөлімі |
||||||||||||||||||||
2.2.Колледждің кадр құрамын әлеуметтік демеу | 10%-20% | 25%-30% | 35%-40% | 45-50% | Директор/
Бас бухгалтер |
||||||||||||||||||||
2.3.Колледж оқытушыларымен қызметкерлерін материалдық және ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту. | 60% | 75% | 85% | 100% | Директор/ Бас бухгалтер/ АКТ жөніндегі орынбасар | ||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
2.1. Кадрларды аттестациядан өткізудің айқын санатын жасау | 25% | 35% | 43% | 50% | Директор/
Кадр бөлімі |
||||||||||||||||||||
2.2. Колледждің оқытушылармен басқа да қызметкерлері үшін сыртқы біліктілікті арттыру курстарынан өткізу | 14 | 14 | 14 | 15 | Директордың ОӘ істер жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
2.3.Оқытушылардың әр түрлі дәрежедегі шығармашылық, білім беру және ғылыми жобаларға қатысуы. | + | + | + | + | Әдіскер | ||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Колледждің оқытушы құрамының кәсіби деңгейінің артуы; Сертификаттар алған студенттер санын 100% жеткізу; Табыс, тәрбие және іскерлік түрлерінде салыстырмалы артықшылықтарын қалыптастыру; Оқытушылар мен басқа да жұмысшыларға лайықты еңбек ақысын қамтамасыз ету; Колледждің жоғары басшылығының шешімдерімен қызметкерлердің жоғарғы деңгейде қанағаттануларына қол жеткізу; |
|||||||||||||||||||||||||
3. Мақсат: «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық» колледжі МКҚК кәсіби педагогикалық білім беру саласында жетекші оқу-әдістемелік орталық ретінде көрсету. | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
3.1. Педагогикалық білім беру саласындағы ТжКББ мамандарының ОӘБ толық жұмыс жасауы | + | + | + | + | Директор/
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
||||||||||||||||||||
3.2. Колледжің базасында облыстық семинарлар ұйымдастыру | + | + | + | + | Директордың ОӘ істер жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
3.3. Аккредитациядан өту мақсатында колледждің барлық құрылымдарының құжаттарын даярлау | + | + | + | + | Директор/ орынбасарлар | ||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Колледжді аккредитациядан өткізу; ҚР рейтингілік жүйесінде колледждің ТжКБ жетекші колледждерінің қатарына кіруі |
|||||||||||||||||||||||||
Ақпараттық – білім беру қызметі.
«Техникалық және кәсіби білім беруде қазіргі еңбек рыногының талаптарына сай келетін жүйеге өтуде іске асырылады, ал білім беру стандарттарын ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіби стандарттар негізінде қалыптасатын болады» Қазастан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген. |
|||||||||||||||||||||||||
1. Мақсат: Жас мамандардың тұлғалық-кәсіби әлеуетін дамытудың жинақылығын қамтамасыз ететін оқыту-білім беру процесін, білім беру мазмұнын сапалы жаңарту мақсатымен оза білім беру принципінің инновациялық моделін енгізу. | |||||||||||||||||||||||||
Сапалық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
1.1.Оқу-білім беру процесін жетілдіру және жаңарту | Жыл сайын 25% | Жыл сайын 30% | Жыл сайын 35% | Директор /
Шаруашылық және ұйымдастыру жұмыстары бойынша директордың орынбасары |
|||||||||||||||||||||
1.2.Оқу процесінің нормативтік базасын өндіріске интеграциялап, жаңарту | 5% | Жыл сайын 10% | Жыл сайын 20% | 30% | Директордың АКТ бойынша орынбасары | ||||||||||||||||||||
1.3. Білім беру бағдарламаларын сараптау | 30% | Жыл сайын 30%-40% | Жыл сайын 40%-50% | 55%-60% | Директор/
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
||||||||||||||||||||
1.4. Колледждің интернет қорларына қол жетімділігі | 70% | 75% | 80%-85% | 100% | Директордың АКТ бойынша орынбасары/ | ||||||||||||||||||||
1.5. Білім беруді басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру | 10% | 20% | 40%-60% | 100% | Директордың АКТ бойынша орынбасары/ | ||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
1.1. Колледждің ЖҰДҚ-н (жалпы ұлттық деректер қоры) әр жыл сайын жаңарту | Жыл сайын | Жыл сайын ұсыныстар енгізу | Жыл сайын ұсыныстар енгізу | Жыл сайын | Директордың АКТ бойынша орынбасары | ||||||||||||||||||||
1.2. Студенттерді даярлау сапасы мен деңгейін бағалау критерииін жасау | 25% | 40%-50% | 80% | 100% | Директордың АКТ бойынша орынбасары | ||||||||||||||||||||
1.3. Колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерін интернет желісіне қосу | 25% | 30-40% | 60% | 100% | Директордың АКТ бойынша орынбасары | ||||||||||||||||||||
1.4. Интернет жүйесін енгізу | 50% | 50%-70% | 80% | 100% | Директордың АКТ бойынша орынбасары | ||||||||||||||||||||
1.5. Кітапхана қорын жаңарту | 15% | 30% | 35%-65% | 90% | Кітапханашы | ||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыру; Жаңа білім беру стандарттарын,базалық және арнайы білім беру бағдарламасын құру және жасау; Колледждің оқытушылары жасаған, оның ішінде мемлекеттік тілдегі, оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен зерттемелердің, оқу құралдарының, электронды оқу құралдарының санын көбейту; Қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды оқытудың жаңа әдістемелерін оқу процесіне енгізу; Электронды іс жүргізу, құжаттар айналымы, статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу; Колледждің қызметін мониторингтеу, талдау және бақылау. |
|||||||||||||||||||||||||
2.Мақсат: ішкі нарықтағы білім беру қызметінің және бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби құзыреттілігіне жету. | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
2.1.Студенттер контингентінің сапалы деңгейін арттыру | 40% | 45-48% | 50-55% | 57-70% | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
2.2. Колледжді бітіруші түлектер саны | 35 | 35 | 38 | 42 | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
2.3. Еңбек нарығында бітірушілердің қажеттілігі (бітірушілерді жұмысқа орналастыру) | 50% | 50% | 75% | 80% | Директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
Міндеттер: | |||||||||||||||||||||||||
2.1.Колледж өткізетін кәсіби бағдарлау шаралардың қатаң есебін алу жоспарлау және жүзеге асыру үшін шараларды күшейту | + | + | + | + | ТЖО | ||||||||||||||||||||
2.2. Ауылдық жерлерден талантты жастарды тарту мақсатында көшпелі кәсіби бағдарлаушылық іс-шаралар ұйымдастыру | + | + | + | + | ТЖО | ||||||||||||||||||||
2.3.Эксперименталды білім беру бағдарламасын жасау (3 тілді жүйе бойынша) | + | + | + | + | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
2.4. Білім беру процесіне интерактивті оқыту әдістерін енгізу | 10% | 25% | 35% | 50% | Директордың ОӘ істер бойынша орынбасары | ||||||||||||||||||||
2.5. Колледждің барлық бөлімдері көрсететін білім беру қызметтерінің жұмыс сапасы туралы кері байланыс алу мақсатында студенттерді жыл сайын анкеттендіру және сауалнамалар өткізіп тұру | 20% | 30%-60% | 60%-80% | 80%-90% | Директор/
ТЖО |
||||||||||||||||||||
2.6. Педагогика саласындағы жаңа мамандықтар мен мамандарды дайындау бойынша қоғам сұранымына жинақылық және дер кезінде жауап беру | 15%
жаңарту |
20% жаңарту | 35% жаңарту | 40%
жаңарту |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Студенттердің қосымша біліктілік алу мүмкіндігі; Бітірушілердің құзіреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту; Студенттерде ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы; |
|||||||||||||||||||||||||
3.Мақсат: ұлттық білім берудің озық дәстүрлерін сақтай отырып, колледждің ТжКБ-дің әлемдік жүйесіне кірігуін іске асыру | |||||||||||||||||||||||||
Мақсатты индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
3.1. Оқытушылардың ғылыми-зерттеу деңгейінің мәдениетін арттыру | 3%-5% | 8%-12% | 15%-20% | 25%-30% | Директордың ОӘ істер жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
Міндеттер: | |||||||||||||||||||||||||
3.1. Баспа беттеріне әдістемелік мақалалар жазу | жылына
5 мақала |
жылына
7 мақала |
жылына
10 мақала |
жылына
12 мақала |
Әдіскер | ||||||||||||||||||||
3.2. «Үздік педагог», «Алтын диск» т.б педагогтардың кәсіби-шығармашылық конкурстарына қатысу | тұрақты | тұрақты | тұрақты | тұрақты | Оқытушылар | ||||||||||||||||||||
Күтетін нәтижелер:
Оқытушылардың ғылыми-зерттеу деңгейінің мәдениетін арттыру; Оқытушылардың кадр құрамының стандарттарға сәйкес болуы; Аймақ ұйымдары үшін мамандарды даярлау. |
|||||||||||||||||||||||||
Тәрбие жұмысы
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты, жастар рухани, мәдени, білім алу, кәсіби қалыптастырулары мен тәнінің дамуы, бүкіл қоғамның мүддесінде олардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықты. Ұйымдастырушылық жағдайларымен кепілдіктерді жасау мақсаттарында іске асырылады» «Қазақстан Республикасында мемелекеттік жастар саясаты туралы Қазастан Республикасының Заңы». |
|||||||||||||||||||||||||
1.Мақсат: шығармашылық жастарды рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||
Мақсатты индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
1.1. Белсенді азаматтық ұстамы мен адамгершілік қасиеттерін дамыту | тұрақты | ТЖО | |||||||||||||||||||||||
1.2. Тәрбие процесін жаңа материалдық және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету | 5% | жыл сайын
5-10% |
жыл сайын
10-15% |
15%-20% | ТЖО | ||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
1.1. Студенттерді Қазақстан және бүкіл адамзаттың рухани байлығы мен мәдениетіне тартуға жәрдемдесетін іс-шараларды өткізу | 3 | 4 | 4 | 5 | ТЖО | ||||||||||||||||||||
1.2. Еңбекке және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу принциптерін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өткізу | 3 | 3 | 4 | 4 | ТЖО | ||||||||||||||||||||
1.3. Оқытушыларда салауатты өмір салтына деген тұрақты жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатымен спорттың көпшілік түрлерін дамытуға бағытталған іс-шаралар циклін ұйымдастыру | 4 | 4 | 5 | 5 | ТЖО | ||||||||||||||||||||
1.4. Саяси әдептілік қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру | 2 | 2 | 3 | 3 | ТЖО | ||||||||||||||||||||
1.5. «Үздік студент», «Үздік курс», т.б әр түрлі тақырыптардағы конкурстарды ұйымдастыру және өткізу | 2 | 2 | 3 | 3 | ТЖО | ||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, озық ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту және сақтау; Бітірушілердің кәсіби құзыреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін дамыту; Студенттерде әлеуметтік-тұлғалық,экономикалық, кәсіби, арнайы ұйымдастырушылық –басқарушылық құзыреттілік қалыптастыру. |
|||||||||||||||||||||||||
2.Мақсат: толыққанды студенттер қауымдастығы қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
2.1. Студенттердің бастамашылдығын дамыту. Кәсіби біртектілік қалыптастыру. | тұрақты | ТЖО | |||||||||||||||||||||||
2.2. Студенттердің өздерін өзі басқаруы. | + | + | + | + | ТЖО | ||||||||||||||||||||
2.3. Студенттердің колледждің өзекті мәселелерін шешуге тарту | тұрақты | ТЖО | |||||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
2.1.Шығармашыл жастарды студенттердің өзін-өзі басқаруына тарту | 30% | 30%-40% | 40%-50% | 50%60% | ТЖО | ||||||||||||||||||||
2.2.Жастар саясатын енгізу жүйесін жасау | 30% | 30%-40% | 40%-50% | 50%-60% | ТЖО | ||||||||||||||||||||
2.3. Отансүйгіштік және ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетіне тәрбиелеу | 5 | 6 | 7 | 8 | ТЖО | ||||||||||||||||||||
2.4. Нұр Отан партиясының жастар қанатымен, Махамбет аудандық әкімдігінің жастар саясаты бөлімімен ынтымақтастық орнату | тұрақты | ТЖО | |||||||||||||||||||||||
2.5. Жастар ұйымдарының жұмысына қатысатын студенттердің үлесін арттыру | тұрақты | ТЖО | |||||||||||||||||||||||
2.6. Колледж оқытушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу, озық ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту және сақтауға көмектесуші жұмыстары | тұрақты | ТЖО | |||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: колледждегі студенттердің өзін-өзі басқаруының әрекеттілігі үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||||
Шығармашылық жұмыс | |||||||||||||||||||||||||
1.Мақсат: колледждің шығармашылық әлеуетін арттыру | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
1.1 Колледж оқытушылары мен студенттердің әр түрлі мәртебелер мен деңгейдегі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыруы, өткізуі және қатысуы | 12 | 12 | 13 | 15 | ТЖО, әдіскер | ||||||||||||||||||||
1.2. Оқу-әдістемелік өнімдерді жасау, басу және шығару | 3 | 5 | 6 | 8 | Директордың ОӘ істер жөніндегі орынбасары/ оқытушылар | ||||||||||||||||||||
1.3. Білім беру салаларындағы базалық ұйымдармен,
БАҚ-пен ынтымақтастық |
тұрақты | тұрақты | тұрақты | тұрақты | Директордың ОӘ істер жөніндегі орынбасары | ||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
1.1. Колледждің
студенттердің ғылыми қоғамын ұйымдастыру |
тұрақты | Педагог-ұйымдастырушы | |||||||||||||||||||||||
1.2. Түрлі шығармашылық конкурстар мен
фестивальдерге қатысу |
+ | + | + | + | Директордың оқу-әдістеме-лік істер жөн-індегі
орынбасары |
||||||||||||||||||||
1.3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада ұйымдастыру және өткізу | + | + | + | + | Директордың ОӘ істер жөніндегі
орынбасары |
||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Шығармашылық жұмыстың нәтижелігін арттыру; Мультимедиялық қор жасау және презентациялық материалдар даярлау. |
|||||||||||||||||||||||||
Шаруашылық-қаржы қызметі | |||||||||||||||||||||||||
1. Мақсаты: колледждің қызметінің тиімділігіне кепілдік беретіндей тұрақты қаржы-ресурстық база құру | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлар: | |||||||||||||||||||||||||
Бюджеттен тұрақты
қаржыландыру. |
тұрақты | Директор | |||||||||||||||||||||||
Колледж бюджетінің
тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету |
2016 | 2017-2018 | 2018-2019 | 2020 | Директор/бас
бухгалтер |
||||||||||||||||||||
Колледждің қаржы
ресурстарын жұмсауда құрылымдық бөлімдердің барынша дербестігін қамтамасыз ету. |
– | 2017 | 2018-2019 | 2020 | Директор/бас
бухгалтер |
||||||||||||||||||||
1.4.Колледждің оқу-өндірістік базасын жаңарту | 15% | 20% | 25% | 35% | ШҰЖ директордың
орынбасары |
||||||||||||||||||||
Міндеттері: | |||||||||||||||||||||||||
1.1.Колледж қызметінің болашақ қаржы-экономикалық даму бағдарламасын жасау | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2025 | Директор/бас бухгалтер | ||||||||||||||||||||
1.2. Колледж аумағының ландштафтық әсемділігін жақсарта отырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу | 20% | 30% | 40% | 50% | Директор/ШҰЖ
директордың орынбасары |
||||||||||||||||||||
1.3. Колледждің офистік жиһаздарын жаңарту | 5% | 10% | 15% | 20% | Директор/ШҰЖ
директордың орынбасары |
||||||||||||||||||||
1.4. Қазіргі замандық компьютерлік техника, оқытудың интерактивтік құрал-жабдықтарын т.б. сатып алуды іске асыру | 15% | 30% | 40 | 50% | Директор/ШҰЖ
директордың орынбасары |
||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер:
Колледждің экономикалық пайдалылығын арттыру; Колледждің қаржы базасын жетілдіру және кеңейту. |
|||||||||||||||||||||||||
2. Мақсат: технологиялық ақпараттық, қаржы ресурстарын жоспарлау және бөлу жөніндегі орталықтандырылған құрылым құру. | |||||||||||||||||||||||||
Мақсаттық индикаторлары: | |||||||||||||||||||||||||
2.2. Колледжді дамытуды жобалық-мақсатты қаржыландыруды қалыптастыру | тұрақты | Дирекция | |||||||||||||||||||||||
2.3. Қаржыландыру көздерін оңтайландыру мен диверсификациялау | тұрақты | Бас бухгалтер | |||||||||||||||||||||||
2.4. Ақылы білім беру қызметтерін көрсету жүйесін жетілдіру және дамыту | тұрақты | Бас бухгалтер | |||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелері:
Материалдық-техникалық базаны нығайту және қазіргі замандық құрал-жабдықтармен материалдарды сатып алу; Колледж студенттері мен қызметкерлеріне лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау; Шығармашылық, білім беру және ғылыми жобаларды коммерцияландыру үшін инновациялық инфоқұрылым және басқа механизмдер құру. |
Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат:
- Мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның барлық талаптарына сай құзіретті мамандар даярлау.
- Білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қызмет сапасын ұдайы жетілдіру.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелерін жолға қою.
- Білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеу.
Мақсаты:
- Колледж қызметін жүйелі түрде үздіксіз дамыту.
- Қызмет сапасын жетілдіру үшін әр қызметкерге келісімшарт негізінде жауапкершілік жүктеу.
Міндеттері:
- Жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалысын басты назарда ұстау.
- Кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру процесін тұрақты жетілдіру.
- Аймақтық сұранысқа сай қосымша мамандық ауқымын кеңейту.
- Оқытушылар құрамы біліктілігін ұдайы арттыру (білім жетілдіру курстарынан өткізу, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатыстыру, тағылымдамадан өткізу, байқауларға қатыстыру).
- Қазіргі заманғы педагогикалық мүмкіндіктерді, инновациялық және әдістемелік, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру.
- Әлеуметтік серіктестік қызметінің ауқымын кеңейту және жетілдіру.
- Білім беру саласындағы мүдделі тараптардың талаптарын тұрақты зерттеу және болжау, білім алушылар мен жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін бағалау.
- Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Колледж әкімшілігі жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін өз қызметін сапа саласындағы саясатпен тығыз байланыстырып жүзеге асыруға міндеттенеді.
Стратегиялық жоспарға негіз болған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің тізімі.
«Қазақстанның 2030жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі бұдан былайғы іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылдың 4 желтоқсанындағы №735 жарлығы.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпанындағы №922 Жарлығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;
“Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында белгілеп берген бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын “100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет” Ұлт жоспары.
Всего комментариев: 0