«Егілетін  тұқымның  сапасы» тақырыбында ашық сабақ

Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде арнаулы  пәндер  онкүндігі аясында, Мухамеджанова Айман Нурабаевна “Ауыл шаруашылығы  жұмыстарын орындау” пәні бойынша “Егілетін тұқымның сапасы” тақырыбында 2 курс 1 оқу тобына ашық сабағын өткізді. Білім алушыларға тұқымның сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне әсер ететіні туралы толық түсінік берілді. Студенттер егілетін тұқымның  негізгі көрсеткіштерін, яғни тазалығы, өнгіштігі, ылғалдылығы, толық салмақтылығын анықтады. Сабақта “Ой қозғау” әдісі, ”кім жылдам” ойындары қолданылып, сабақ өз мақсатына жетті.


Жарияланды: 18.04.202309:38

Автор: