Әдептілік – адамгершілік белгісі

Махамбет көп  бейінді ауыл шаруашылық колледжінде тәрбиеші  Махимова Вераның  ұйымдастыруымен жатақханада  тұратын  білім  алушылармен  “Әдептілік – адамгершілік белгісі” атты  тақырыбында  танымдық  сабақ  өткізілді.

Сабақ мақсаты:Білім алушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштіккке  өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,әдептілікті бойына дарыту, тіл байлығын,таным белсенділігін арттыру. Білім алушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Және де әдептілікпен қатар қоғамдық көліктерде өздерін қалай ұстауы, үлкен адамдарға жол беру туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

 


Жарияланды: 03.11.202109:08

Автор: