«Білімді ұрпақ – ел тірегі»

1 қараша күні «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты жалпы білім беретін пәндер онкүндігі аясында тарих пәні мұғалімі Д. Жұқатаева 1 курс №7 топта  «Ұлы Дала ұғымының тарихи-географиялық сипаттамасы және дала өркениетінің қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер Ұлы Дала өркениетінің ерекшеліктерімен таныса отырып, сабақ кезеңдерінде топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалып,«Бір сөйлеммен түйіндеу», бас бармақ, әдістері қолданылды. Жаңа материал бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында студенттер  Plickers бағдарламасымен тест тапсырмасын орындап, сабаққа белсенді қатысты.


Жарияланды: 05.11.202210:11

Автор: