«Білім берудегі менеджмент»

Кезекті педагогикалық кеңес отырысында колледж директоры Ж.Қ.Сұлтанғалиев «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында «Талап» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан алған білімін ұжым мүшелерімен бөлісті. Курс мазмұны бойынша жаңа типтегі трансформацияланған көшбасшылық, кәсіпкерлікті бастаудың алғышарттары, SMART – мақсат құру, МЖМБС негізгі өзгерістері және жаңалықтарымен тәжірибе алмасты. Болашақта колледждің даму стратегиясына бизнес-модельді енгізу қажеттігін ұсынды.


Жарияланды: 07.12.202210:26

Автор: