«Қазақтың біртуар азаматы» тақырыбында танымдық сабағы
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осыған орай Тәуелсіздік күні қарсаңында Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің тарих пәні мұғалімі Д. Жұқатаева «Қазақтың біртуар азаматы» тақырыбында танымдық сабағын өткізді.
Мақсаты: білім алушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, білім алушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.
Сабақта Д. Қонаевтың «Өмірбаяны», «Қанатты сөздері», «Атқарған саяси қызметі», «Қонаевтың кезіндегі индустрияның дамуы» бөлімдері бойынша түсіндіріліп, соңында «Қонаев туралы естеліктермен» қорытындады.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – жарты ғасырға жуық ел тағдырына араласқан ұлтжанды абыройлы, көреген саясаткер. Ұлт мүддесін қорғауда ешкімге есе жібермеген кемеңгер азаматтың өсиеті мен өмір жолы келер ұрпаққа берер өнегесі зор. Қазақ деген ұлт барда Д. Қонаевтың есімі ешуақытта ұмытылмақ емес.