«Атау кере» повесі тақырыбында ашық сабақ

     Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Канкомова Анаргүл Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну, кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығымен байланысын анықтау. Ашық сабақта  жаңа технологиялар мен сын тұрғысынан ойлау  технологиясының элементтерін қолданып, шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтауда дидиктикалық материалдар мен  көрнекі құралдарды тиімді пайдаланды. Студенттер ашық сабаққа белсенді түрде қатысты және берілген жоспар бойынша мақсаттар мен міндеттерді орындай білді.


Жарияланды: 21.11.202217:26

Автор: