Ашық есік күні.
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде ашық есік күні өтті. Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, талапкерлер үшін дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Іс – шараның негізгі мақсаты – оқушыларға колледждің білім беру бағдарламалары, мамандықтары және оқу үдерісі туралы жан-жақты ақпарат беру. Шара барысында келген қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу зертханалары мен тәжірибелік алаңдары таныстырылды.Сонымен қатар, ашық есік күні аясында колледж түлектері мен қазіргі студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқуға түсу талаптары, стипендия жүйесі және өндірістік тәжірибе туралы әңгімеледі. Шара соңында болашақ талапкерлерге оқу орнына түсу тәртібі мен қабылдау шарттары туралы толық ақпарат берілді.
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі жыл сайын талапкерлерді оқуға шақырып, ауыл шаруашылығы мен техникалық мамандықтарды игеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.