Колледж туралы
Қазақ ССР Министрлер 22 сәуір 1958 жылғы № 632-Р нұсқауына сәйкес және облыстық еңбекші депутаттар советінің 19 маусым 1958 жылғы № 227 шешімімен «Сарайшық ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі» құрылды. Алғашқыда бір, екі жылдық оқу мерзімімен тракторшылар, жүргізушілер және жөндеуші слесарьлар даярланды. 1971 жылдан бастап арнаулы мамандықтармен қоса, орта білім беретін оқу орнына айналдырылды. Алғашқы жылдары «Кең көлемді трактор-машина жүргізушісі», «Мал шаруашылығының механизаторы», «Ауыл шаруашылығындағы техникаларды жөндеуші слесарь», «Мал шаруашылығындағы электромонтер», 6 айлық оқу мерзімімен «Трактор жүргізушісі», 12 айлық «Жеміс өсірушісі», 5айлық «Комбайн жүргізушісі», 3 жылдық оқумен «Бухгалтерлік есеп», «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық әрекетін талдау», «Шаруа және фермер қожалықтарын ұйымдастырушы», «Компьютерде жұмыс жасай алатын, ағылшын тілін меңгерген бухгалтер», «Фермер – арендатор», «Автомеханик», «Жинақ банкісінің бақылаушысы, кассир» мамандықтары бойынша 15000 мыңға жуық мамандар даярланды. 1998 жылдан бастап училищенің шеберханаларының бірін машиналарға күтім жасау пункті етіп қайта жасақтап, онда өндірістік оқу сабақтарын бағдарламаға сай өткізу мүмкіндігі туды. Ол шеберхана 1992 жылы өткізілген республикалық конкурста бас жүлдеге ие болды. Сол жетістік негізінде, 1993 жылы мамыр айының 21-22 күндері училище базасында «Арнаулы пәндер оқыту методикасы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес ұйымдастырылды. Училище 1982 жылы Бүкілодақтық Социалистік жарыстың жеңімпазы деп танылып, КПСС ОК-і мен СССР Министрлер Советінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.
1985 жылы № 10 орта кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді.
1999 жылы № 7 кәсіптік-техникалық мектеп болып атауы өзгертілді.
2007-2012 жылдар аралығында № 10 кәсіптік лицей болып, 2012 жылы Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі аталды. 2013 жылы Атырау облысының әкімдігінің «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы 23 қаңтар,7 маусым айларындағы №21 қаулысы» негізінде «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Колледж білім алушыларына практикалық дағды алуына, өндірістік оқу сабақтарын жүргізуге әртүрлі техникалары жеткілікті. Колледждің оқу материалдық базасы 2-қабатты ғимарат пен қосалқы нысандарда орналасқан. Студенттер бос уақыттарында әртүрлі пәндік үйірмелер мен спорт секцияларына қатынасып, облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болып жүр. Кеңес Одағы кезінде облыстағы ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мамандандырылған 4- арнаулы оқу орны болса, соның біреуі еді. Оның ішінде бүкіл елімізге белгілі тұлғалар көптеп саналады. Атап айтсақ, бүгінде облыстық, Махамбет, Исатай, Индер, Қызылқоға, Жылой аудандарында әртүрлі салада абыроймен еңбек етуде.
Всего комментариев: 0