«Зорлық-зомбылықсыз өмір – біздің таңдауымыз»

«Зорлық-зомбылықсыз өмір – біздің таңдауымыз» атты қоғамның аса маңызды мәселесіне арналған дөңгелек үстел Сарайшық ауылдық округі әкімі аппаратымен және аудан орталығынан келген арнайы мамандармен бірлесе отырып, колледжімізде студенттер мен мектеп оқушыларына өткізілді.
Іс-шара барысында келесі мамандар баяндама жасады:
– Аудандық Отбасы қолдау орталығының басшысы Темірланов Равиль Темірланұлы;
– Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аруев Нұрғали Латифұлы;
– Махамбет аудандық полиция бөлімі, Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Сапаргалиева Арайлым Абайқызы;
– Махамбет аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қабазова Сара Үмбетқызы.
Сонымен қатар, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің психологы Тауова Нұрсұлу студенттер мен оқушыларға зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда кімнен көмек сұрау керектігі туралы ойын түрінде тренинг өткізіп, балаларға қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді.

Жарияланды: 27.02.202607:06

Автор: