«Оқытудағы жасанды интеллект: педагогтерге арналған жаңа құралдар мен әдістер» семинар.
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 2025 жылдың 22 қаңтар күні «Оқытудағы жасанды интеллект: педагогтерге арналған жаңа құралдар мен әдістер» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында колледж әдіскері Д.Жұқатаева педагогтерге жасанды интеллекттің білім берудегі маңызы мен мүмкіндіктерін түсіндіріп, заманауи білім беру платформалары мен құралдарын тиімді қолдану жолдарын көрсетті.
Қатысушылар жасанды интеллект негізінде оқыту жобаларын әзірлеп, оларды өзара талқылады. Практикалық жұмыстар мен топтық тапсырмалар арқылы педагогтер жаңа технологияларды сабақ беру үдерісінде қолданудың нақты әдістерімен танысты.
Барлық қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы семинардың сәтті өтуіне үлкен септігін тигізді. Бұл семинар педагогтер үшін маңызды әрі пайдалы болды, олар өз білімдерін жаңартып, жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын арттырды.