Махамбет ханымы-2023

27 қараша күні Махамбет ауданында “Махамбет ханымы-2023” байқауы болды.Осы байқауда Сарайшық ауылдық округі атынан қатысқан колледжіміздің жас  маманы, орыс тілі мен  әдебиеті пәні оқытушысы, халқымыздың салт – дәстүрін  ұстанушы,  ата-енесінің  жағдайын  жан-жақты  жасаушы,  жолдасымен  қос  балапанының  көңілін  табушы  Сайлау Диана   қатысып, бас жүлдені  жеңіп алып, “Махамбет ханымы” атанды. Жан-жақты дайындығы,сайыста өзінің ерекшелігімен танылып, көптің көңілінен шықты. Қазақ  келіні қай кезден де отбасының берекесін келтіріп, татулығын бекемдей білген. Диана өзінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп, ерекше видеоролик дайындағаны үшін жоғары бағаланды.Қазақ қызының қос бұрымын өріп,шолпы тағуда да алға шықты.”Сөзтаным ” айдарында көнерген сөздер мен мақал- мәтелдер жалғасын табуда тапқырлығын, тіл байлығы мен тілге деген құрметін көрсетті.Өнер көрсетуде бесік жырын айтып, бесікке сәбиін бөлеген сәтті көрсете отырып, әуелетіп ән салған Диана салт- дәстүрді жете білетіндігі көпті сүйсінтті. “Фотосессия” бөлімінде Диана спорт пен сурет салу, іс тігу қырынан да танылды. Алдағы уақытта жұмысына жеміс, отбасына амандық тілейміз.


Жарияланды: 02.12.202309:23

Автор: