Курс нәтижесі – кәсіби даму негізі
9 қараша күні Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Курс нәтижесі – кәсіби даму негізі» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты «TALAP» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтардың курстан алған білім мен дағдыларымен бөлісу.
Семинарда директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С. Сатбергенова «Білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру»; директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары А. Кабдолхалихов «Білім беру үдерісіндегі қамқоршылық, индустриалық кеңестердің ролі»; дир.ақпараттық технологиялар жұмысы жөніндегі орынбасары А. Тусипкалиева «Педагогикалық топтарды басқаруға арналған коучинг тәсілі, мақсаттары мен негізгі принциптері»; әдіскер Д. Жұқатаева «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік қолдау» тақырыптарында ұжыммен курста алған ақпараттары мен тәжірибелерімен бөлісті.